Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында алаяқ WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын құрған

0 163

Түркістан облысында әйел «WhatsApp» арқылы қаржы пирамидасын құрған. Ол мессенджерде үш түрлі чат ашып, адамдардан 24 миллион теңге жинап алған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияда хабарлағандай, алаяқ «Асыл Инвест», «30% айналым», «Үш күнде 30%» деп аталатын үш чат ашқан. Адамдарды қаржылық пирамидаға қосқан әйел жылдам табыс табуға уәде берген. Алаяқтың сөзіне сенген салымшылар ақшаларын мобильді аударымдар арқылы жібергені анықталды. Осылайша әйел барлығы 25 адамды алдап соққан.

Полиция қызметкерлері күдіктіні тұтқындаған, бірақ сот оны кепілге босатты. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.