Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында 30 жолаушысы бар автобус аударылды

0 385

Сарыағаш-Шымкент тас жолында автобус аударылып, 3 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.

Автобуста 30 адам болған, оның 4-еуі жарақат алды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен Audi 100 маркалы автокөлік шығып, автобуспен соқтығысқан.

Соның салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның жай-жапсары мен қаза тапқандардың кім екендігі анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.