Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысы: 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

0 206

   Жаңа оқу жылының басынан 20 қыркүйекке дейін Түркістан облысында 38 мұғалім мен 148 оқушы коронавирус инфекциясымен ауырды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ведомствоның мәліметінше, өңірде 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысып келген, қалған 77 оқушы оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған. «​​​​​​​​​​​Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды», делінген хабарламада. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің №36 қаулысына сәйкес сыныпта COVID-19 ауруы тіркелген жағдайда сынып 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауланады.

«Облыстың 934 білім беру ұйымдарында 100 пайыз Ashyq бағдарламасы енгізілген. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары COVID-19 -дың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда. ​​​​​​​​​​​​Жаңа оқу жылы қарсаңында Zoom платформасы арқылы мектеп директорлары мен оқу орындарының медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі семинарлар өткізілді» делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.