Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түрікменстан әйелдеріне жасанды тырнақ, кірпік, ботокс жасауға тыйым салынды

0 361

Түрікменстан әйелдеріне кірпік ұзартуға, жасанды тырнақ өсіруге, ерінді үлкейтуге тыйым салынды. Тыйымды бұзғандар мен салон иелері айыппұл арқалауы немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.

Сұлулық салондарының тұтынушылары заңды бұзғаны үшін 300-500 манат (38 000 – 64 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Ал шеберлер көрсеткен қызметі үшін тіпті 15 тәулікке қамауға алынады.

Салон қызметкерлері мұндай тыйымдар салынған жағдайда қалыпты жұмыс істеп, нәпақа таба алмаймыз деп шағымдануда.

«Сердар Бердімұхамедов Президенттікке кірісуімен карантиндік шектеулерді алып тастай бастағаннан кейін біз жұмысқа енді ғана оралдық. Бірақ жұмысымыз тағы да шектелді. Ал енді неге біз де базарға барып қайыр сұрауымыз керек? Осылайша біз карантин кезінде қарызға баттық, оларды өтеуге әлі үлгермедік. Енді жұмыс істейміз бе дегенде, мынадай шектеулер қойылып жатыр», – дейді сұлулық салонының қызметкерлері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.