Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәрбиелі ұрпақ – болашақ жалғасы

0 317

   Халықаралық Тараз инновациялық институтында қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі ұрпақ – болашақ жалғасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова ашып, жүргізген жиынға Аналар алқасының төрайымы, профессор, пғд Жанат Сарыбекова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, қалалық полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Гүлзат Байназарова қатысты.

Алғашқы болып баяндама жасаған Жанат Сарыбекова «Ұрпақ тәрбиесі» туралы әңгіме өрбітті.
– Отбасы институтына жеңіл қарауға болмайды. Бір ғана ананың ролінің өзі не тұрады?! Ана жауапсыз болса, қоғам бұзылады, жалқау болса, қоғам кедейленеді. Атам қазақ «Ер адам түздің, әйел үйдің адамы» деп қараған. Бүгінгі баланың барлығы жаһандық өмірге қадам басып келе жатыр. Олар үшін телефон ең қауіпті дүние. Бала ана құрсағында 9 ай, тоғыз күнде құрсақта дамиды. Дүние есігін ашқанда жетіліп туылады. Сондықтан балаға тәрбиені құрсақтан беру керек. Аяғы ауыр кезінен ене келінге жақсы сөз тыңдатып, жақсы жерге баруға икемдеген. Міне бұл баланы құрсақтан жақсылыққа баулу. Бала ата анасына қарап өседі, солардың жасаған дүниесін қайталайды. Міне сондықтан ұрпағың жақсы болып өсіп, өркендеуі үшін үлгі алатын үлкендердің жолы түзу болуы шарт – деді Жанат Сарыбекова. Одан «Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ» , ал Гүлзат Жетпісбайқызы «Қаңтардағы шерулер кезіндегі тәртіпсіздік себептері. Бүгінгі ахуал» деген тақырыптарда баяндама жасады.

– Бүгінгі дөңгелек үстел барысында жастардың тәлім тәрбиесі туралы айтылған барлық сөздер біз сияқты жастардың жүрегінен өтті. Үйде ата-анамыздан үлгі, өнеге алғанымыз сияқты мұндай ортадан да аларымыз мол. Ең бастысы тыңдай білетін құлақ болса, қажетін алады. «Телефонға телміріп өскен баладан, кітап оқыған бала ақылды» деп йүде ата анамыз үнемі айтып отырады. Біздің ата анамыз телефон қарағанымыздан гөрі, кітап оқығанымызды құптағандықтан кітапқа деген құмарлығымыз артып өстік. Баланың қандай болып өсуі ата анасының тәрбиесіне тікелей байланысты – деді аталмыш институттың студенті Айгүл Байжанқызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.