Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындары қалаға көшіп жатыр: Ақмола облысында жүзден аса мектеп жабылу алдында тұр

0 146

Ақмола облысындағы мектептердің жартысынан көбі шағын жинақты мектептер. Жергілікті тұрғындар жақын арада олар толығымен жабылады деп қорқады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдарлы негізгі мектебі 90 орынға есептелген. Бірақ соңғы жылдары ол тек үштен біріне ғана толған. Оқу орны шағын комплектілі болып саналады, кейбір сыныптарда барлығы 2-3 оқушыдан, ал 9-сынып мүлдем жоқ.

Айдарлы негізгі орта мектебінің директоры Айдын Манап алдағы уақытта 40 оқушыдан көп болмайды деп болжауда.

«Жыл сайын 1 сыныпқа қанша бала келетінін талдап отырамыз, алдағы жылдары мектепте 40 оқушыдан артық болмайды. Оқыту сапасына келетін болсақ, түсініксіз. Бір мұғалім бір уақытта бірнеше сыныпқа сабақ береді, мысалы 3, 4-сыныптарда, демек, жүктеме бар. Бізден бір оқушыға қаншалықты көңіл бөлінеді деп сұрап жатады, неге бәрі үздік  оқушы емес дейді. Бұл жерде бәсекелестік жоқ, оқушылар үшін бәсекелестік орта жоқ», – деп түсіндірді Айдарлы негізгі орта мектебінің директоры.

Мамандар шағын жинақты мектептер санының көп болуының басты себебі ауылдық жерлерден халықтың көшуімен байланыстырады.

Соңғы үш жылда өңірде 17 мектеп жабылған. Білім ошағынсыз тағы 5 ауыл қалуы мүмкін. Мысалы, Бурабай ауданының Обалы ауылындағы мектеп тек бастауыш сынып қалуы мүмкін, себебі қазір онда тек 40 оқушы бар. Енді ауыл тұрғындары оны сақтап қалу жолдарын іздестіруде.

«Біз мектепті, ауылды сақтағымыз келеді. Барлық тұрғынмен кеңесіп ауылды жандандыру керек деп шешті. Сондықтан біз көп балалы отбасыларды бізге көшіп келуге шақырамыз. Біз жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», – дейді Обалы ауылының тұрғыны Нұрлан Қабдуллин.

Мамандардың айтуынша, бастауыш, негізгі және орта мектептер үшін оқушылардың белгіленген саны болуы тиіс. Бірақ 360 мекеменің 122 сінде оқушылар саны сәйкес келмеді.

«Бізде 50 бала бар орта мектептер бар, бірақ оларды негізгі мектепке дейін қысқарту керек. Одан бөлек,12-17 оқушы оқитын негізгі мектептер бар, олар бастауыш мектеп болуы керек. Бірақ біз оларды қысқарта алмаймыз, өйткені интернат алыс, жол нашар болғандықтан балаларды тасымалдау мүмкін емес. Тек қалалар, аудан орталықтары маңындағы мектептерді қысқартамыз, ал шеткері мектептерге тимейміз», – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Айгүл Шакшакова.

Қазір өңірдегі 12 интернатта әртүрлі ауылдардан 250-ге жуық оқушы білім алуда. Олардың 4,5 мыңы үшін тасымалдау ұйымдастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.