Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тұрғымбаевты қызметінен алып тастады»

0 282

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қызметінен босатылғаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына  сілтеме жасап.

Бұл туралы қоғам қайраткері, HAQ қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева Facebook парақшасында хабарлады.

«Тұрғымбаевты алып тастады… Жаңалық үшін бір досыма рахмет» деп жазды HAQ қозғалысының жетекшісі.

Бұл кадрлық шешім туралы ресми мәлімдемелер жоқ.

Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің жұмысы азаптау туралы көптеген арыз-шағымдардың кейбірі расталған, сондай-ақ негізсіз қамауға алу фактілеріне байланысты қоғам тарапынан сынға ұшырап, наразылық тудырды. Қанды қаңтардан кейін бірден ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органының қызметінен босатылмаған жалғыз басшы болды.

Алдымен қызметінен, кейін бостандығынан айырылған ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов болса, бір күн бұрын бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов та қамауға алынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.