Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Түнгі 12-де қазы пісіреміз»: Сенат депутаттары Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтып берді

0 322

Бүгін Сенат депутаттары осы жылдың соңғы отырысын өткізді. Бұдан соң журналистер депутаттардан Жаңа жылды  қалай қарсы алатынын сұрады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тіпті Аяз ата, Ақшақар болып жаңа жылды айрықша қарсы алатындарын да айтып берді. Халық қалаулыларының басым бөлігі барыс жылын туған-туыстарымен бірге дастархан басында қарсы алмақ екен. Ал жаңа жыл күні Аяз атаға «айналатын» депутаттар да бар.

“Жаңа жыл отбасының мейрамы ғой. Сондықтан әрқашан өзімнің отбасымда, немерелерімнің қасында қарсы аламын. Өзім аяз ата болып киінемін. Қасымдағы жолдасым ақша қар болады. Солай екеуміз жылда осылай қарсы аламыз. Немерелерімізге сыйлықтарын алып қойдық”, – Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Биылғы жаңа жылдық мерекені демалыс орындарында қарсы алатын депутаттар да жоқ емес. Сенатор Динар Нүкетаева барыс жылын отбасымен бірге Бурабай демалыс орнында қарсы алуды жоспарлапты. Бірақ үнемшілмін, ысырапшылдыққа жол бермеймін дейді.

“Дастарханға түнгі 12-де қазы пісіреміз. Алматының апорты болады дастарханымызда, бауырсақ пісіреміз. Балаларға тәтті-дәмді тағамдар жасаймыз”, – дейді Нүкетаева.

Ал кейбір депутаттар туған жерлеріне кетуге асық екен. Мәселен, Сүйіндік Алдашев туған өлкесіне жол жүрмек.

“Жаңа жылды өңірде, өзімнің өңіріме барамын. Маңғыстау облысына барамын. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын!”, – дейді депутат.

Депутататтар барыс жылында пандемия аяқталып, қалыпты өмірге қайта келсек деген тілектерін де білдіріп жатты. Сенатор Айгүл Қапбарова жаңа жылдық мәзірді әлі жоспарлап үлгермеген. Алайда, мерекелік көңіл күйі көтеріңкі болсын деген тілегін айтуға асықты.

“Халқымызға, елімізге денсаулық тілеймін! Маскасыз өмір сүрсек. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталса деген тілегімді айтамын”, – дейді Айгүл Қапбарова.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өткен жылда шешілмеген мәселелердің болғанын айтып, келер жылдан үмітім көп дейді. Ал мейрам қарсаңында қарбалас көп деген министр, асыға жауап берді.

“Бізде демалыс жоқ. Еш жаққа шықпаймын. Көп болса, мына алыс емес, талай демалатын кешендер бар. Барамыз”, – дейді министр.

Депутаттар жаңа жылда атқарылар іс, бағындырар белес көп деді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.