Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәліптер Ауғанстанда көкнәр өсіргендерді шариғат заңы бойынша соттайтын болды

0 404

Тәліптер Ауғанстан аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды. Қозғалыстың жоғарғы басшысы Хайбатулла Ахундзада осындай бұйрық шығарды деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Тәліп көшбасшысы бұйрығында барлық ауғандықтарға көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғандығы туралы хабарланған. «Тәліптердің» жоғарғы басшысының бұйрығын бұзғандарды шариғат заңдары бойынша соттайды, ал табылған көкнәр алқабы дереу жойылады.

Сонымен қатар, Ахундзада бұйрығы бойынша «есірткінің барлық түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар таблеткалар мен алкогольді пайдалануға, тасымалдауға, сатуға, экспорттауға және импорттауға да» тыйым салынады. Ауғанстанда есірткі өндіретін барлық кәсіпорындардың егіс алқабының барлығы тыйымға кіреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.