Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сырғанақтағы сақтық – жіті назарда

0 322

Табиғаттың әрбір маусымы өзінше ерекше. Әрбір мезгілдің өзіне тән сейіл-серуені де болады. Әсіресе қалада соңғы кездері жауған қалың қарға байланысты «Тектұрмас» этнотарихи кешені мен «Жеңіс» саябағы маңындағы «Үшбұлақ» жағажайы сырғанақ алаңына айналған болатын.

Өкінішке орай, қыстың қызығына кенелемін деп мертігіп жатқандар да аз емес. Мәселен, бүгінге дейін «жабайы сырғанақтардан» 8 тұрғын түрлі дене жарақаттарын алып, аурухана төсегіне таңылған. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қалалық әкімдік тарапынан ілкімді істер қолға алынуда. Қалалық №2 полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қуат Искаковтің айтуынша, «жабайы сырғанақтардың» маңына бүгінде полиция күзеті қойылыпты.
– Біз үшін әрбір тұрғынның қауіпсіздігі маңызды. Сол үшін «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде күнделікті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудеміз. Бұл жер сырғанаққа арналмаса да, қызық үшін келіп жатқан тұрғындардың қарасы азаяр емес. Сондай-ақ бұл аумаққа келіп сырғанауға арналған баллон сатып жүргендер де бар. Оларға ҚР Әкімшілік кодексінің 204-бабына сәйкес ескерту беріліп, хаттама толтырылды, – дейді Қуат Ғабитұлы.
Сақтық шаралары алдағы күндері де өз жалғасын таппақ. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан сақтық шараларына әулиеаталықтар түсіністік танытады деген ойдамыз.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.