Қалалық қоғамдық-саяси газет

Суперпрезиденттік басқару жүйесінен Парламенті мықты президенттік елге айналамыз – Тоқаев

0 328

Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты президенттік елге айналады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет.  Мұнда ең әуелі, суперпрезиденттік басқару формасынан Парламент мықты президенттік Республикаға түпкілікті көшу туралы мәселе бар. Мұндай жүйе билік институттарының қолайлы теңгерімін қамтамасыз етіп, елдің орнықты дамуына ықпал ететін болады.

Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты іске асыруға мүмкіндік береді. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз.  Осыған байланысты  күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз», – деді Президент Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.