Қалалық қоғамдық-саяси газет

Студенттерге президенттің кітабын қолтықтап жүру міндеттелді

0 809

«Азатлык Радиосының» хабарлауынша, Түркіменстанның сәулет-құрылыс институтының студенттеріне қойылатын талап күшейген,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Айталық, Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кітабын студенттер жанынан тастамай алып жүруі керек. Алда-жалда сөмкесінен әлгі кітап табылмай қалса, студент оқудан шығарылуы мүмкін.

«Деканаттар студенттердің барлығына президенттің бір кітабын алып жүруді міндеттеп қойды. Бізге тексеру жүретінін ескертті, егер президенттің кітабын алып жүрмесең, оқудан қуыласың», – депті тілшіге түсініктеме берген студент.

Түркіменстан президенті Қ.Бердімұхамедов 2007 жылы билікке келді. Сол уақыттан бері ол 60-тан астам кітап жазған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.