Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үздік зияткерлер анықталды

0 185

Дулати университетінің қабырғасында «DULATY START-UP-2024: Student Energy Challenge» атты командалық зияткерлік стартаптар байқауы өтті.

Университеттің коммерцияландыру және корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімдері ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты – стартаптарды қолдап, энергетикадағы жаңа технология, экология және шығындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттары бойынша үздік жобаларды анықтау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу. Жастар арасында стартап мәдениетін насихаттау және индустриядағы үздік идеяларды дамыту.
Сайысқа Тараз қаласындағы «ЦентрКредит Банк» акционерлік қоғамының директоры Бекдауыл Ипдилдаев, «Интергаз Орталық Азия» АК «Тараз» магистральдық газ құбырлары дирекциясының бас инженері Қуанышбек Нурекеев, басқарма мүшесі-ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің сынақтау зертханасының басшысы Жахангер Назарбеков және «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, 2023 жылғы «Kazenergy: «Student Energy Challenge» байқауы жеңімпаздарының жетекшісі Маржан Қалмаханова төрелік етті.
Шараны университеттің басқарма мүшесі-ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, энергетика және экология саласы бойынша өткізіліп отырған стартаптың маңыздылығына тоқталды.
Байқауда 18 бен 25 жас аралығындағы студенттерден құралған 11 команда бақ сынап, өз білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отыра, қазылар алқасы алдында жобаларын қорғады. Жобаны көрсету үшін жобаның қысқаша сипаттамасы, кезеңдері, процесі, технологиясы, нәтижесі және т.б. қысқаша сипаттамасын қамтитын жоба паспортын визуализациялау үшін командалар дайындаған презентация ұсынылды. Дайындалған жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.
Байқау нәтижесі бойынша I орынды «DULATY ENACTUS»,
II орынды «HEXAGON», III орынды «ECOSTART» командалары еншіледі. Сондай-ақ жеңімпаз атанған «DULATY ENACTUS» командасы «KAZENERGY» қауымдастығы ұйымдастыратын «STUDENT ENERGY CHALLENGE» байқауына жолдама алды.
Сайыс соңында қатысушылар университет ұжымы мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Әнел Әшірқұл,
Дулати университеті медиа қызмет бөлімінің тілшісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.