Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұстаздар марапат төрінде

0 843

«Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұстаздық-ұлы қызмет!» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Кеш А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры сахналаған Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатын танытатын шағын қойылыммен ашылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі, аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, республикалық мекемелердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, еңбек ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтар қатысты.

Жиын барысында педагогтардың жетістіктері туралы бейне ролик көрсетіліп, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтау сөз сөйледі.

– Адам баласы қай заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Оқушы зердесіне асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен – ұстаз. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» дейді халық даналығы. Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» десе, әлемдегі ең асыл мамандық иесі – Мұғалім екендігі сөзсіз!

Сіздер өскелең ұрпаққа өмір бойы рухани азық болатын, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білім мен тәрбие бересіздер. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі, жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды,-деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аймақта білім саласын жетілдіруге үлес қосып жүрген бір топ педагогтарды марапаттады.

Марапат иелеріне облыс әкімінің Құрмет Грамотасы, Алғыс хаты, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі және тағы басқа түрлі номинациялар табыс етілді. Саланатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.