Қалалық қоғамдық-саяси газет

Содырлар сақалын қырып тастаған – Тоқаев

0 393

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан содырлар жасырыну үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып алғанын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстанда конституциялық тәртіп қалыпқа келгенін, қауіптің алды алынғанын мәлімдеді.

«Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдар анықталып жатыр. Бүгінде полицияға 8 мыңнан аса адам жеткізілді. Құқық қорғау және арнайы органдар олардың терроризмге, адам өлтіру, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Жасырын шабуылдаушыларды анықтау мақсатында жоспар жасалып жатыр. Олар ерекше түрде жасырынады – азаматтық киім киеді, сақалдарын қырады. Қарқынды жұмыс істеу қажет», – деді Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.