Қалалық қоғамдық-саяси газет

Соғыстан аман қалған қазақстандық әжей өз немерелерін 20 жылдан кейін Германиядан тапты

0 247

Алматы қаласының іргесінде тұратын зейнеткер өз немерелерін арада 20 жыл өткен соң Германиядан тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Еуразия бірінші арнасында Вера Федоровна туралы арнайы хабар шыққаннан кейін болған. Осыдан кейін әжей туралы бүкіл қазақстандық айтып, оның туыстары Германиядан табылған. Олар тіпті әлеуметтік желілер арқылы тіл табысып та үлгерген.

Вера Закирьянова өз немерелерімен 20 жылдан астам уақыт бұрын байланысын үзіп, ендігі олардың дауысын қайта естимін деген үміті де қалмаған. Әжейдің үш немере ұлы мен екі немере қызы бар. Олар 84 жастағы зейнеткердің білетін жалғыз туыстары еді.

Вера Федоровнаның ендігі арманы туыстарымен тезірек қауышу.

Алматы қаласының іргесінде өмір сүретін Вера Федоровна аулаларды сыпырып, ойын алаңдарын тазалауымен көпшілікке танылды. Әжей бұл  үшін ақы сұрамайтын.

Вера Закирьянова Ленинград блокадасында, аштық пен соғыс қасіретінен аман өткен, алайда қиыншылықтар мен кедергілер оның өмірге, адамдарға деген сүйіспеншілігін бұза алмаған еді.

Ол Қазақстанға күйеуімен бірге 80-жылдардың аяғында көшіп келген. Қазіргі таңда Бесағаш ауылында тұрып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.