Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Соғыс болып жатыр»: Қазақстанның Украинадағы елшісі шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

0 667

Қазақстанның Украинадағы және Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев шұғыл мәлімдеме жасады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 31 арнаға берген сұхбатында елдегі жағдай тұрақыт екенін айтты. Алайда соғыс болжанғандықтан, елдегі экономика құлдырай бастаған.

«Украинада болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бұл мәселелер Украина экономикасына өте күрделі өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінде, әрине, халықтың көңіл-күйі түсіп кеткен. Біреу үйіңе есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің?» – деді Дархан Қалетаев.

Оның айтуынша, Киевте қазір тыныш. Елші «соғыс болып жатыр» дегеннің бос сөз екеніне сендірді. Украинада қазір 2 мың қазақстандық тіркеуде тұр.

«Олардың бәрімен тікелей хабардамыз. Қауіп төнген жағдайда қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде жоспарымыз бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бұл мәселе келісілген. Әрине, ең бастысы – әуе жолы. Қазір ғана Air Astana әуе компаниясының басшылығымен тікелей телефон арқылы келіссөз жүргіздім. Қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде толық түсінік бар. Егер әуе жолы жабылса, басқа да жолдар бар», – деді Қалетаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.