Қалалық қоғамдық-саяси газет

Соғыс ардагеріне пәтер кілті табыс етілді

0 714
   Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев ұлы отан соғысының ардагеріне пәтер кілтін табыс етті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі . Осылайша баспана алуға кезекке тұрған қария мереке қарсаңында құтты қонысқа ие болды. Аудан басшысы қанқұйлы шайқаста болған, ардагерлерімізге бүгінгі бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық тіледі. Қабыл Ібіжанов 1926 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері 1935-1942 жж. – Сталин колхозындағы мектепте білім алған. 1942-1944 жж. – Шилі колхозында жұмысшы. 1944 ж. – әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысында Румыния, Болгария, Эстония, Архангельск қалаларын азат етуге қатысты. 1950-1952 жж. – Сарысу аудандық шикізат дайындау мекемесінде статист. 1952-1966 жж. – Сарысу аудандық тұтыну одағы мекемесінде есепші, ревизор. 1967-1982 жж. – Сарысу аудандық жұмыспен қамту мекемесінде инспектор. 1986 жылдан – зейнетте. Марапаттары Өңдеу I дәрежелі Отан соғысы ордені Кеңес одағының маршалы Жуков медалі басқа да марапаттардың иесі. Әлі де тың, сөзі ширақ, ел-жұрттың амандығын тілеген Соғыс ардагері өткен шақты еске алып, майдандағы жауынгерлер есіне түсіп, көзіне жас алды. Сұрапыл күндерді жарқын болашақ алмастырып, бүгінде сол бір сұм соғыс көзіне еміс-еміс елестейді,-дейді ардагер. Ақ батасын беріп, мынау алмағайып кезең індеттен аман-есен құтылуға, сақтық шараларын ұстануға шақырды. Айтары көп ардагермен емен-жарқын тілдесіп, тарихқа бойлап, ақылын тыңдаған аудан басшысы өз кезегінде қашанда біздің жүрегімізде, өмірімізде алар орындары ерекше екенін айтып, бас иіп, жаңа пәтердің кілтін табыстады.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.