Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Соғысқа жол жоқ»: Димаш Құдайберген Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

0 563

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты пікір білдірді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші әр адамның өмір сүруге құқылы екенін еске салып, қантөгісті тоқтатуды сұрады.

«Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!» – деп жазды Димаш.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.