Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскери мектептегі әсерлі кеш

0 245

Бүгін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебі Тараз қалалық филиалында патриоттық-танымдық кеш өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Шараға филиал директоры, подполковник Қанат Бошай, орынбасары, әскери-патриоттық тәрбиелеу бөлімінің басшысы, майор Тархан Базарбаев, оқу-ісі жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрмахан Шыналиев және мектеп курсанттары қатысты.

Алғаш болып сөз алған Қанат Далибайұлы оқу ордасының егемендік жылдарындағы жетістігіне кеңінен тоқталды.

–  Бүгінде осы мекемеде 35 жас сарбаз әскери жаттығудан өтуде. Олар мұнда тек білім алып ғана қоймай алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырын меңгеріп, нағыз Отанын сүйер патриот азаматқа айналады. 20 түрлі әскери дайындықты меңгерген жастар арнайы сертификат пен әскери билетке ие болады. Сол арқылы біз арнайы оқытылған резервтегі жауынгерлерді даярлаймыз. Бұл да азаттығымыздың бізге беріп отырған  зор мүмкіндігі. Бүгін осында тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың арасынан ертеңгі күні ел намысын жатқа бермеген баһадүр бабаларымыздың ізбасарлары шығарына сеніміміз кәміл. Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігі ғұмырлы болсын, – деген филиал басшысы үздік курсанттарды арнайы дипломдармен марапаттады. Бұдан кейін жас жауынгерлер өз өнерлерін паш етіп, ерекше әсер сыйлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.