Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерге шақырылушы мен полицейлер арасында жанжал туындады (ВИДЕО)

0 242

Кейінгі уақытта әскерге себепсіз бармай жүргендердің қарасы қалыңдаған секілді. Сондықтан болар, полиция қызметкерлері көпшілік жүретін орындарда профилактикалық жұмыспен айналысуда. Сондай шаралардың бірінде әскерге шақырылушы мен полиция арасында жанжал туындап қалды.

Оқиға Қарағанды қаласында болған. Әскерге шақырылушы жігіт барлығын видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, полицейлер құжатын сұрап, өздерімен бірге алып кетпек болған. Автор өзін сауда үйінен дөрекі әдіспен алып шыққанын және киімінен жұлқылағанына шағымданған. Аталған оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген тапсырмаға сай әрекет еткен. Әлеуметтік желіге видео жүктеген азамат профилактикалық әңгіме жүргізу кезінде агрессия танытып, полиция қызметкерлерін арандата бастады. Ешкім оның күртешесін жыртқан жоқ. Оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалған жоқ», – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап Қазыбек би аудандық қорғаныс бөлімінің әскери қызметкерлері халық көп шоғырланған жерлерде учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды анықтау шараларын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 1994-2003 жылдары туған азаматтарды ҚР Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.

turkystan.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.