Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерге сау барып, есі ауысып келген қызылордалық жігіт әлі айықпады (Видео)

0 212

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде сарбаздар қатарында болған 19 жастағы Ринат Жеткергенов екі айдан бері психикалық ауруларды емдейтін ауруханада жатыр. Әскерден келгелі бері әлі туған әке-шешесін де танымайды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап.

Теңіз жаяу әскерлері қатарында Отан алдындағы міндетін атқарған қызылордалық Ринат Жеткергенов әскерден есі ауысқан күйде келген. Ол осыдан екі ай бұрын әскерден үйіне оралғанда, үстінде жыртық-жамау күрте, аяғында жаздық аяқ киім болған екен. Ал өзі жақындарын мүлде танымайтын хәлде болыпты. Бала әр нәрсені сандырақтап айта береді дейді Рианттың ата-анасы. Содан бері 19 жастағы жігіт жүйке аурулары ауруханасында емделіп жатыр. Бірақ ауруынан әлі айықпаған.

Дәрігерлер басынан ауыр соққы алып, қатты қорқып қалған дейді. Мені танымайды. Қараңғыдан қорқады екен. Тіпті адамдардан да қорқамын депті. Қазір мені көрсе, ашуланып кетеді. Өз-өзін ұстай алмайды. Боқтап сөйлей береді.

—дейді Ринаттың анасы Айғаным Ізбасарова

© ЭК
© ЭК

Әскерге сау кетіп, есі ауысқан хәлде келген баласының жағдайын көріп Ринаттың ата-анасы да қазір жүрек ауруына шалдыққан. Ринат арасында ақылына келіп, өзін әскерде кімдерден таяқ жегенін айтатын көрінеді. Ол сондағы әскери қызметкерлер жатақханаға апарып, бір апта бойы өзін жабылып ұрғанын жеткізген. Өзін азаптаған сержанттардың да атын атаған екен. Бұл жайлы Ринаттың туыстары екі айдан бері Қорғаныс министрлігі, тіпті президентке дейін шағымданып келеді.

Құзырлы органдарға шағымданып жатырмыз. Президент Тоқаевқа да арыз жаздық. Бірақ ол жерде әлі ешкім жазаланған жоқ. Баламды емдеп берсін. Бейбіт заманда сау баланы есінен адастырған не сұмдық. Бұл айуандық қой.

—деп жыларман болды Айғаным Ізбасарова

Десе де, Ринаттың анасы жазған арыздарға ҚР қарулы күштерінің бас штабынан қылмыстық іс қозғалып жатқаны жөнінде жауап келген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.