Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерден есі ауысып оралған сарбаздың досы шындықты айтты

0 4  242

Отан алдындағы борышын атқаруға сап-сау кетіп, ауру болып оралған Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны Ренат Жеткергеновке қатысты тың ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Сарбаздың досы болған жағдай туралы толыққанды айтып берді. Қазір осы оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Қорғаныс министрлігі әскерде 19 жастағы ұлына зорлық-зомбылық жасалды деген сарбаздың жақындарының шағымымен келіспейді.

Отан алдындағы борышын аяқтауға 8 күн қалғанда Ренатты үйіне жеткізіп тастаған, 4 әскеридің бірі Амангелді Көпжан сарбаздың үстіндегі киімі бүтін болған, жаздық аяқ киімді өзіне ыңғайлы болуы үшін кигенін айтты.

Сондай-ақ ол әкесінің ұлының денсаулығындағы ақаудан хабары болмаған, дейді.

“Біз әскери қызметін өтеушіні үйіне жеткізген кезде ағасы болды. Енді сол кісі бір әулиеге қоңырау шалып сұрадым, баламызды қамап, ұрып-соққансыңдар, есінен алжастырып жібергенсіңдер деп отыр. Біз оны ұрсақ, оны отбасына апармайтын едік”, – дейді дивизион командирінің ТЖИЖ бойынша орынбасары Амангелді Көпжан.

Ақтау қаласындағы 25/744 Теңіз жаяу әскерлері бөліміндегілер ұрмадық деп ақталып әлек. Тіпті ата-анасына оны дәлелдеу үшін медициналық тексеруге алып барайық деп ұсыныс та жасадық деп отыр. Бірақ оған құлақ аспады деді. Тек сұрақтың астына алғандарын жеткізді.

Ауру баланың әскерге қалай қабылданғаны белгісіз. Бұл туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы жауап берді.

“Облыстық қорытынды комиссиядан өткізіп, қорытынды комиссияның  қорытындысы бойынша «А» жарамды болып өтті. Бірінші сатыдағы жарамды бала. Психологиялық тестілеуден де жақсы өткен”, – дейді Қызылорда облысы Арал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Бауыржан Қуатов.

Ренаттың әскерде бірге болған қарулас достарының бірі елге қайтатыннан бір апта бұрын, сарбаз командирлермен сөзге келіп қалғанын айтты. Сол күннен бастап досын көрмеген, тек қайтатын кезде ғана бірақ көріпті.

“Сөзге келіп қалған күннен бастап Ренатты алып кетті бөлімінің сыртындағы казармаға. Содан бастап Ренатты бір апта көрмедік. Пойызда көрген кезде Ренат басқа жағдайда болды. Баяғы бір жыл қызмет кеткен Ренат жоқ. Басқа түр, танымай қалдық Ренатты”, – дейді Ренаттың досы Бекарыс Таңатаров.

Туыстары болса, сарбазды әскери шенділер 8 күн бойы қинаған деп отыр. Оны Ренатта бір сөзінде айтып қалды, дейді. Құлағын тесіп, әйел етіп аламыз деген көрінеді. Осы жағдайдан соң оның ата-анасы тиісті орындарға шағым түсірген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

“Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар жүргізіліп Ренат Женткергеновтың туыстарының барлық тұжырымдары мұқият тексеріледі. Сондай-ақ тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тергеу іс-шаралары жүргізілетін болады”, – дейді ҚР ҚК әскери полиция басқармасының басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

Бұған дейін де Ақтаудағы 25/744 әскери бөлімінде бірнеше рет шу шыққан. Арасында Ренат сияқты есінен айырылғандары да бар.

Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысында әскерден оралған жігіт есінен алжасқаны туралы жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.