Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өскеменде өндіріс орындарының бірінде қайғылы оқиға болды

0 267

Өскемендегі Титан-магний комбинатының еншілес кәсіпорнында қайғылы оқиға орын алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Электронды-сәулелік пешті жөндеу жұмыстары кезінде 2 адам қаза тапты. Екеуі де балқытушы болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құрамына санэпидемиологтар, еңбек инспекциясының және прокуратураның өндірістік қауіпсіздік департаменті өкілдері кіретін еңбек комиссиясы құрылған. Олар 10 жұмыс күні аралығында жұмысшылардың өліміне себепкерлерді анықтауы керек. Жыл басынан бері еліміздің шығысында 153 қайғылы оқиға болып, 16 адам қаза тапқан.

«Тергеу аяқталған соң комиссия кінәлілерді анықтайды. Сол кезде кәсіпорын тарапынан кінәлілерге қатысты әкімшілік тәртіптік шара қолданылады. Сонымен қатар полиция органдары қылмыстық іс мәселесін шешеді», – деп мәлімдеді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының төрағасы Бақытбек Қизатов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.