Өрт су электр станциясы аумағында болды, құтқарушыларға пирсте моторлы кеме өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі AltayNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жеткені хабарланды.
«Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілер екі кеме мен десанттық алаңның жанып жатқанын, оның дәмхана ретінде пайдаланылғанын анықтады. Өрт 50-60 шаршы метрді шарпыған», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.