Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сиырларға соғылған: Атырауда жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

0 403

«Атырау – Орал» тас жолында екі көлік сиырға соқтығысып, полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 20 қазан күні таңғы 5:00 шамасында болған. Toyota Ipsum мен Lada Priora көліктері жолдағы сиырға соқтығысып, «Прирора» көлігінің жүргізішусі – Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы қаза тапты.

Көз жұмған полиция қызметкерінің артында әйелі мен кішкентай баласы қалды. Ол учаскелік полиция қызметіне 2017 жылы тағайындалған. Атырау облыстық Полиция Департаменті ҚР ҚК 345 бабымен қылмыстық іс қозғады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.