Қалалық қоғамдық-саяси газет

Синоптиктер: Демалыста ауа райын бірқалыпты болмайды

0 151

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның көп өңірінде ауа райы бірқалыпты болмайды. Бұған Солтүстік-батыс циклонына байланысты өтетін атмосфералық ауа ағындары ықпал етеді. Қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғып, елдің солтүстік бөлігінде боран болады. Батыста ауа температурасы түнде -5+2, күндіз -3+5 градус болады. Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз -3+2 болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-8 аяз, шығыста 5-15 градустан 0-10 градусқа дейін аяқ, күндіз 0-10 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -5+2, күндіз 2-13 градус жылы болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.