Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шыршаның үстінде «салбырап» тұрған: Атырау әкімдігі жұмысшының суретіне қатысты пікір білдірді

0 205

Желіде Атырауда жаңа жылдық шыршаны безендіріп жатқан адамның суреті пайда болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Онда шыршаны безендірмек болған ер адамның арқанға ілінген суреті бар.  Бұл сурет қазақстандықтарды таңқалдырды. Оқиғаға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді.

Олар суреттің «Спецавтобаза» ЖШС қызметкері екенін түсіндірді.  Қаланы жаңа жылдық безендіруге жұмылдырылған арнайы техника шыршаны безендірген.

 «Жұмыс барысында жұмысшы қауіпсіздік белбеуін қолданды. Қауіпсіздік ережелерін сақтамау жұмыстан шығаруды қоса алғанда, жазалауға әкеп соғады. Қазіргі уақытта компанияның қауіпсіздік қызметімен тиісті жұмыстар жүргізілуде, қатаң шаралар қабылданады”, – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Ал, «Спецавтобаза» ЖШС іс жүзінде жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Компания тиісті шараларды қолдануға уәде берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.