Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкенттік тұрғын мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген

0 194

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шот-фактура жасаған Шымкент тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына «Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «Магма-2018», «Ашимов и Ко», «AlatauK», «S-Industry», «Бес қасқа», «Жорға 2019», «Интертранссервис-2020», «Eхcellent», «Угам 2018», «005», «Эверест К» ЖШС деген 14 кәсіпорынды тіркеген.

«Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді» делінген хабарламада.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.