Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте тастанды сәби табылды

0 544

Шымкент қаласының бас дәрігері Бақытжан Позилов Instagram-дағы парақшасында қала көшелерінің бірінен тастанды бала табылғанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Тұрар Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем колл орталығы жанынан тастанды нәресте табылды. Сәбиді сол маңдағы адамдар көріп қалып, колл орталыққа алып келген», – делінген жазбада.

Оның мәліметінше, өте ауыр жағдайдағы нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Шақалақ ауруханаға жеткізілді. Ұл бала, салмағы 3 келі. Туғанына шамамен екі тәулік болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.