Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылды

0 159

30 қаңтарда Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі үйдің пәтерлерінің бірінен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтер есігін арнайы құралдардың көмегімен ашқан.

Пәтерде 1978, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өлімнің алдын ала себебі көміртек тотығымен улану.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі техника жұмылдырылды», – деп хабарлады Шымкент Төтенше жағдай департаменті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.