Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті (ВИДЕО)

0 147

Өрт бір қабатты ғимаратты түгелге жуық шарпыған деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әл-Фараби ауданы Орманов көшесі бойында орналасқан «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігінің Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты ғимараттағы мақта және ағаш сөрелері жанған. Ал мақтаның қалдықтары ғимарат ішінде күйіп кетпеуі үшін көшеге шығарылған.

«Өрт сағат 16.26-да оқшауланып, сағат 17.12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 53 адам, Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды», – делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.