Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте көлік ұрлады деген күдікпен тұтқындылған азамат полиция бөлімінде қаза тапты

0 469

Ер адам бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен тұтқындалған. Қазір 1990 жылы туған азаматтың қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимаратында қалада бірнеше қымбат көлікті ұрлады деген күдікпен тұтқындалған азаматтан жауап алынған. Алайда ол өзін нашар сезінгенін айтқан. Бірден жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Өкінішке орай жедел жәрдем келгенше есінен танған азамат көз жұмды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі хабарланады», – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.