Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте электромобильдерді құрастыру орталығы пайда болды

0 145

Шымкентте Илон Масктің ізін қуғандар машина жасау ісіне жаңа серпін әкелуге бекініп отыр. Заман талабына сай, экологиялық таза, дыбыссыз қозғалатын автокөліктер алғаш рет отандық нарықта пайда болды. Мұндай көліктің ТМД елдерінде әзірге баламасы жоқ, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажыр-қайраты мен білімі толысқан жастар осыдан бір жыл бұрын автомобиль құрастыру орталығын ашып, өздерін тағы да шыңдай түсу үшін түрлі шанақтағы көліктерге тәжірибе жасап жатыр екен.

– Біз қазір өзіміздің зерттеген кантролер, зарядтау құрылғыларымыз бар. Біз оны патенттеу, жаппай өндіріске шығару этапына келдік. Сол біздің мақсатымыз да бар еді. 10 жылдан білімін жетілдірген мамандар жобаны жүзеге асыруға 500 мың АҚШ доллары жұмсалғанын айтады. Сондықтан машина жасау өндірісін іске қосып, жаппай электрмен жүретін көлік шығаруға талаптанып жатыр.

Біздің арман барлығын Қазақстанда өндіріп шығару. Қазақстанды зерттеп, елде осының бәрін дамыту. Біздің елге қалсын, біздің жас балалар үйрене берсін деп біз үйретеміз. Бұл біздің арманымыз. Ал кез келген инвестор болса да өндіріс Қазақстанда қалсын, лицензия Қазақстанда қалсын деп басында айтып қоямыз шетел компанияларына, – дейді инженер-механик Нұрсұлтан Сейсенбай.

Қазіргі уақытта электромобиль құрастыру орталығында қырыққа жуық қызметкер бар. Оның алтауы инженер-механик. Солардың бірі – Ерлан Рахматуллаев. Ол көліктің қауіпсіздігі мен жабдықталуына жауап береді. Мәселен, жеңіл жарыс көлігіне саусақ іздері арқылы оталдыру функциясын қосты.

– Зауыттан шыққан қауіпсіздігі сақталды. Себебі біз сыртындағы раманы өзгерткен жоқпыз. Мысалы, қалың өзінің ланжерон темірлері болады. Біз оларға тиген жоқпыз. Біз тек маторды ауыстырғандай болдық. Арнайы жасап қойғанбыз. Саусақ ізімен оталады. Немесе телефонмен машинаға жақындасаңыз, есіктері өзі ашылады. Бұл былай айтқанда қосымша камфорттары ғой, – деді инженер-механик Ерлан Рахматуллаев.

Өнертапқыш жігіттердің бұл өндірісіне шет мемлекеттің алып компаниялары қызығушылық танытып, тапсырыстың көбі солардан келетінін айтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.