Шымкентте бір жасар сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Үлкендердің қарауынсыз қалған бала үшінші қабаттан құлап, ауруханаға ауыр халде жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 16 шілде күндізгі сағат 12:30 шамасында болған.
«Оқиға Қаратау ауданының Тұран ықшам ауданында, 5 қабатты тұрғын үйде болған. Үлкендердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған сәби үшінші қабаттан құлап, ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр). Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», – деп хабарланды ведомстводан. ТЖД хабарлауынша, осымен үшінші бала терезеден құлап кетіп отыр. Қуанышқа қарай, үшеуі де дін аман. Дегенмен мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.