Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте 11 сынып оқушы терезеден секіріп кетті

0 1  922

Шымкент қаласындағы «Асар-2» шағын ауданында 11 сынып оқушы терезеден секіріп кетті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде ауруханаға жедел жәрдеммен жеткен қыздың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Бірнеше ауыр жарақаттары бар. Ал, полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі, яғни кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша істі тіркеді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бесінші қабатта тұратын жасөспірімнің үйінде сыныптастары болған. Ал, мұндай қадамға баруына қыздың әкесімен арадағы ұрыс-керіс себеп болыпты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.