Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкент тұрғындарына 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып бергендер сотталды

0 242

Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазу фактісі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

«Сот үкімімен М.А.Әжібаев, А.О.Ақынов және А.Ақын қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жылға қаржы қызметімен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне қайтарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.