Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

0 234

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүрді. 250 және 300 текше метр қар көшкіні жолды толықтай жауып қалған.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жол қардан толықтай тазартылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.