Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шығыс Қазақстан облысында пойыз жолаушысын зорламақ болған

0 344

Семей станциясында пойыздардың бірінде жолаушыны зорламақ болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш дерек желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлімі және 24-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеу басталған.

Бұл бабтар бойынша кінәлі деп танылған азамат бестен сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне жария етуге жатпайды», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, 2018 жылы «Тұлпар-Тальго» пойызында екі жолсеріктің жолаушыны зорлағаны белгілі болды. Сот оларға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.