Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шуда төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды

0 479

   Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Шу ауданындағы Төле би ауылының орталық алаңында «Қыс-2021» оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда ауданның жедел ден қою жасағы сапқа тұрғызылып, жеке құрамы, техникалары, құрал-жабдықтары тексерілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

 

Жедел ден қою жасағы құрамына 14 мекемеден құралған 100 маманның және 23 арнайы техниканың қыс мезгілінде, жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға дайындығы пысықталды.

Сала қызметкерлерінің мәліметінше, оқу-жаттығу құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізу кезінде басшылық құрам мен командирлердің тәжирбелік дағдыларын жетілдіруді мақсат етеді.

Сондай-ақ, шара барысында азаматтық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимыл міндеттерін орындау кезінде авариялық-құтқару құрамаларын түгендеу, авариялық-құтқару құрамаларының ТЖ салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.