Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шу ауданында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

0 395
   Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен аудан әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатты «Балқаштүстімет» ӨБ бас директоры Саят Бакиров пен аудан әкімі Нұржан Календеров қол қойып, бекітті. Меморандум аясында тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын айқындап, бірлескен шаралар қабылдауға келісті. Кездесу барысында Саят Бакиров ынтымақтастық аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Меморандум Шу ауданы Қонаев, Бірлік және Бірлікүстем кенттері тұрғындарының әлеуметтік тіршілігін қолдауға бағытталған.
Атап айтқанда : Осы меморандум аясында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ауыл тұрғындарының әлеуметтік тіршілігін қамтамасыз етуді келесі жолдармен қолдау көрсету мүмкіндігін қарастырады:
– Бірлік стансасының темір жол тығырығына дейінгі ұзындығы 600 метр жол учаскесіне және Шу өзенінің су ағатын арнасы арқылы өтетін көпірдің жанындағы айналма жолдың ұзындығы 300 метр учаскесіне асфальтбетон жабындысын орнату, барлығы 900 метр;
– Шатыркөл кенішінен Бірлік стансасының темір жол тұйықтығына кенді тасымалдау кезінде сәуірден қазанға дейін технологиялық жолды суландыру;
– гамма-сәулелену деңгейін (радиациялық өріс) өлшеу бойынша деректерді көрсететін Бірлік т/ж тұйығына ақпараттық табло орнату жөніндегі мәселені қарау;
– Бірлік, Бірлікүстем, Қонаев үш ауылдық округтерінің қарияларына 12–ге дейін санаторий-курорттық жолдамалар бөлу (2025 жылға дейін жылына 1 рет әр ауылдық округке 4-тен);
– 2025 жылға дейін үш ауылдық округтегі көп балалы отбасыларға жылына 1 рет 16-18 бірлік азық-түлік себетін бөлу.
Аталған жиынға Бірлік, Бірлікүстем ауылдық округтерінің ақсақалдары қатысып, толғандырған сауалдарға жауап алды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.