Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үштөбеде әйелі күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып алған

0 289

Үштөбеде 38 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасып, оған ауыр жарақат салған. Оған күйеуін өлтіруге әрекеттенді деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Қаратал ауданы полициясының кезекші бөліміне пышақ жарақатымен 41 жастағы ер адамның ауруханаға түскені туралы хабарлама келіп түскен. Отбасындағы жанжал салдарынан әйелі жәбірленуші күйеуіне ауыр жарақат салған.

38 жастағы әйелдің айтуынша сол кезде мастықпен есінде ештеңе қалмаған. Тек күйеуімен оның достарына дастархан жайғанын біледі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға болған жерді тексеру кезінде табылған асхана пышағы айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған кезде күдікті орташа дәрежедегі мас күйінде болған», – деді полиция.

Жарақат алған күйеуіне күрделі ота жасалып жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.