Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шетелдік азаматтардың қатысуымен 387 қылмыс тіркелді

0 136

Меркі ауданында заңдылықтың, құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

2020-2021 жылдары және 2022 жылдың 7 айында облыс аумағында шетелдік азаматтардың қатысуымен 387 қылмыс жасалған. Биыл 7 айда ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы (ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша 55 қылмыстық іс, осы заңның 394-бабы (көші-қонды заңсыз ұйымдастыру) бойынша 14 қылмыстық іс тіркелген.

Қылмысты ескерту және оның жолын кесу мақсатында ҰҚК облыстық департаментінің Шекаралық қызметіне жедел-іздестіру шараларын өткізу туралы нұсқаулар жіберіліп, нәтижесінде заңсыз көші-қонның бірнеше деректері анықталған.

Облыстық прокуратураның нұсқауына сәйкес, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін полиция және шекара қызметінің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жұмысшы тобы құрылды. ҰҚК облыстық департаменті Шекаралық қызметінің 9 бөлімшесі сигналдық кешенмен жабдықталды, 6 бақылау мұнарасы орнатылып, 14 қызметкерден тұратын таулы аймақтарда жұмыс істейтін барлау және іздестіру тобы ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.