Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шерхан Мұртаза – 90 жыл. “Қызыл жебе” романының қолмен жазылған нұсқасы табылды

0 322

Бүгін қазақтың қабырғалы қаламгері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толды. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген, деп хабарлайды Экспресс К.

Әйгілі қаламгердің мерейтойы бүгін туған өлкесінде Республикалық деңгейде аталып өтіп жатыр. Мерейтой — Шерағаң ескерткішінің ашылу салтанатымен басталып, одан кейін жазушының шығармашылығы мен қайраткерлік қызметіне арналған ғылыми конференциямен жалғаспақ.

Сондай-ақ оның кіндік қаны тамған жері — Жуалы ауданындағы Талапты ауылында қайраткер-қаламгердің музей-үйінің ашылу салтанат өтеді. Журналист Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің Facebook- парақшасында сол музейге жазушының әйгілі «Қызыл жебе» романының қолмен жазылған түпнұсқасы тарту етілгенін жеткізді.

«Талапты ауылынан қайраткер-қаламгердің музей-үйінің ашылуы да мерейтой мазмұнын аша түсетін тағылымды істің бірі. Шерағаң тойы — шындықты сүйетін барша қазақтың тойы. Ал Шерағаң архивінен алынған мына құнды құжатты қаламгердің сол музей-үйіне шашылған шашу ретінде қабылдаңыздар.»Қызыл жебе» осылай туған. Тұрар Рысқұлов эпопеясының қолмен жазылған нұсқасы»,– деді Көсемәлі Сәттібайұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.