№18 орта мектепте қала әкімі Ержан Жылқыбаев №10 округ тұрғындарының алдында есеп берді.
Шаһар басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарлы жұмыстардың нәтижесімен де бөлісті. Сондай-ақ тұрғындарға алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар легі де таныстырылды.
– Округ бойынша жасалынған жұмыстарды тұрғындар көріп, біліп жүр. Шешілмеген мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі. Құзырлы сала мамандарына тапсырма берілген. Мемлекет басшысының тапсырған тапсырмаларына сәйкес қалада көптеген мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асып жатқан жұмыстарға мына сіздер баға бересіздер. Қаламыздың хал-ақуалын жақсартуда барлығымыз бірдей үлес қосуымыз керек, – деген Ержан Жұматұлы тұрғындарының уәжін тыңдады.
Жалпы алқапта 70 мың халық тұрады екен. Жалпы сауалдар мен арыз-тілектердің басым бөлігі жолды жөндеу, ауызсу, көшені жарықтандыру сынды мәселелер болды. Округ бойынша көтерілген проблемаларға әкім қалай жауап берді? Тұрғындардың талабы қандай болғаны туралы толығырақ газеттен оқи аласыздар.