Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шахматшы Жансая Әбдімәліктің әкесі бюджеттен 83,3 млн теңге алады

0 375

Шахматтан Алматы қаласының чемпионатын және халықаралық турнир өткізу үшін Данияр Әшіров бюджеттен 83,3 миллион теңге алмақшы, деп хабарлайды Экспресс К.

Данияр Әшіров — белгілі гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің әкесі. Оның Chess Academy of Zhansaya Abdumalik атты компаниясы бар. Алматы қаласы спорт басқармасы спорттық іс-шаралар өткізу үшін осы мекемемен келісім-шарт жасасқан. Бұл туралы толық мәлімет мемлекеттік сатып алу сайтында тұр.

Тапсырысты орындаушы бұл сомаға Алматы қаласының чемпионатын және шахматтан халықаралық турнир өткізуге тиіс.

Айтпақшы, Жансаяның өзі — Алматы шахмат федерациясының директоры. Қазіргі кезде Алатау баурайында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Арасында әлем чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен бар.

Айта кетейік, биыл жазда әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шулы мәлімдеме жасаған болатын. Ол Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға ақша сұрату үшін шахматшы қыздарды Президент әкімшілігіне алып келгенін айтқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.