Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шағын кәсіпкерлік – елдің әлеуетті тірегі

0 979

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің мұртын балта шаппайтынын аталған елдер әлдеқашан түсінген.

Шағын бизнес кей елдерде ІЖӨ-нің 50-60 пайызына дейінгі үлесін иеленетінін ескерсек, бізге де олардың тәжірибесін үйрену артық болмайтыны анық.

Бұл тұрғыдан келгенде, Шу ауданында шағын және орта бизнес субъектілері 2022 жылы 4 айында 7105 санын құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 кәсіпкерге артық орындалған. (2020ж.-7090 бірлік).

Бөлшек сауда тауар айналымы 2022 жылы 4 айында 4872,9  млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 101,6%-бен орындалды. 2021 жылмен салыстырғанда 496,8 млн теңгеге артық орындалған. (2021ж –4 376,1 млн.)

Көтерме сауда айналымы 2022 жылы 4 айында 783,5 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 37,2 %-бен орындалып, 2021 жылмен салыстырғанда 939,4 млн теңгеге кем  орындалған. (2020ж-1 722,9 млн.).

Себебі, Шу ауданы бойынша жалпы 40 – тауарлар мен қызметтерді өндіруші кәсіпорындар тіркелген. Бүгінгі күнгі тек 8 компания жұмыс жасауда («Маслодел» ЖШС, «Нефтебаза» ЖШС, «Пульс и К» ЖШС, «Ниет» ЖШС, «Прима дистрибюшн» ЖШС, «Компания и Марк» ЖШС, «Эдита и К» ЖШС және «Мегаполис Қазақстан» ЖШС), 3 кәсіпорын қаражаттың тапшылығына байланысты жұмысын мүлдем тоқтатқан («Кемел Компания» ЖШС, «ГренХаус» ЖШС және «Гүлсім и Компания» ЖШС). Ал қалған 29 тауарлар мен қызметтерді өндіруші кәсіпорындар өз еріктерімен  goszakup.gov.kz порталы арқылы тендрлік конкурстарға қатысып, жобалардың құнына бағалары сай келмей ұту мүмкіндіктері шектеулі. Осыған орай,  шу ауданында көтерме сауда көрсеткіші орындалмауда.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімім тарапынан аудан тұрғындарына түсіндіру насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Ауылдық округтерде ауыл тұрғындарымен қоғамдық кездесулер кезінде және жыл сайын Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен аудандағы 19 ауыл округіне «Ауылда бизнесті дамыту» іс-шарасы жүргізіліп тұрады. 2022 жылы аудан бойынша бағдарлама арқылы мемлекеттік қолдау алу үшін 74 млн. теңгеге 5 жеке кәсіпкер құжаттар жинақтауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.