Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлікке барлық жағдай жасалған

0 958

Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін айтамыз.

Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

Бұл ретте, Шу ауданында өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылға 17 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 2022 жылдың 4 айында өнім мен көрсетілген қызмет көлемі  4782,8  млн теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда  226,7 млн. теңгеге кем орындалып, нақты көлем индексі 99,8%-ды құрады (2021ж-5009,5 млн. теңге).

Себебі: «Қамқор локомотив» ЖШС-ның «Шу локомотив жөндеу зауыты» филиалында 2022 жылы 4 айында қызмет көлемі 345,3 млн. теңгеге орындап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда қызмет көлемі 25,6 млн. теңгеге төмен орындалған. (2021ж.-370,9 млн. теңге).

ЖШС «Хим – плюс» ЖШС 2021 жылдың 4 айында қызмет көлемі 1002,9 млн. теңге орындаған. 2022 жылы жұмысы уақытша тоқтап тұрғанына байланысты өніммен көрсетілген қызмет көлемі орындалмаған. Осыған орай, Өнеркәсіп саласы бойынша 2022 жылдың 4 айында өнім мен көрсетілген қызмет көлемі төмен орындалуда.

Негізгі капиталға салынған инвестиция бойынша 2022 жылдың 4 айында 3689,0 млн теңгені құрап, 2021 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда  1653,2 млн. теңгеге кем орындалып, нақты көлем индексі 67,2%-ды құрады (2021ж-5 342,2 млн. теңге).

Инвестицияның орындалмаған себебі:       «Altynalmas Reagents» ЖШС –  статистикалық есепті өткізуге қажетті  құжаттары толық болмағандықтан, «Qazsugar Co» ЖШС-да құрылысы уақытша тоқтап тұр, екініші деңгейлі банктен қаражат бөлінуін күтуде және «Казақмыс корпорациясы» ЖШС құрылыс жұмыстары есебінің нақты құжаттарын толық өткізе алмаған. Осыған орай, аталған кәсіпорындар 1-инвест есебін өткізбеген. 2022 жылдың ІІ тоқсанда аталған кемшіліктер жойылып,  негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі болжаммен 6 354,7 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,0%-ды құрайды деп күтілуде.

Жалпы Шу ауданында  2021-2025 жылдары  барлық салаларды қоса алғанда 300,8 млрд теңгеге 14 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде 1085 жаңа жұмыс орыны ашылып іске қолу жоспарлануда

Өңдеу өнеркәсібі саласында 3 жоба, құны 203,9 млрд.теңгеге Қант қызылшасынан қант өндіру зауытын салу, «Натрий цианидін (NaCN) өндіру зауыты, Шатыркөл кенішінде  жаңа байыту фабрикасы, Жаңартылған энергия көздерінде 1 жоба, құны 5,1 млрд.теңгеге, 7 МВт Кіші ГЭС құрылысы, Агроөнеркәсіп кешені бойынша 10 жоба, құны 29,6 млрд.теңге, Макарон өнімдерін өндіру және сақтау, Көкөніс сақтау қоймасы, 3 500 басқа арналған СТФ (сүт тауарлы ферма), тамшылатып жаңа технологиясын қолдану, Агроөнеркәсіп саласында техникаларды жинақтау және балық өсіру.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.