Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһардағы қоқыс жәшіктері жаңаруда

0 334

Соңғы жылдар көлемінде Тараз қаласын көркейту, көгалдандыру, тазалығын қалыпта ұстау мәселесіне ерекше ден қойылып, тиісті шаралар қолға алынып жатқаны белгілі.

Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлер аулаларының тазалығын сақтау басты талап болатын. Содан бері қыруар жұмыс жүргізіліп, көне шаһар біртіндеп таза қалаға айналып келеді. Бұл істе шағынаудандардағы тұрмыстық қалдық тастау орындары мен ондағы жәшіктерді жаңарту өз тиімділігін көрсетіп келеді.
Осыған орай атал-ған бағыттағы жұ- мыстар жоспарлы түрде жалғасын тау- ып келеді. Қазіргі уақытта Тараз қаласының аумағында дәл қазір 1 380 қоқыс жәшігі қойылған. Жоғарыда аталған шаралар шеңберінде былтыр тұрғын үй аулаларында 455 дана жәшік жаңаланыпты. Ал биыл 350 дана қоқыс жәшігі ауыстырылып, белгіленген арнайы орындарға орналастырылған.
Сонымен қатар 170 дана қоқыс жәшігін тұрғын үйлердің аулаларына орна- ластыру жұмыстары күнделікті жүріп жатыр екен. Осылайша бас-аяғы 520 дана жәшік жаңартылмақ. Тараз қаласы әкімдігі қаланың санитарлық тазалығын сақтау мақсатында аталмыш жұмыстар жыл сайын жалғаса беретінін айтады.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.