Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 36 жаңа аялдама орнатылады

0 489

Тараз қаласын дамытудың үш жылдық жоспарына сәйкес, облыс орталығына 120 аялдама орнату жоспарланған. Оның биыл 36-сын орнату жұмыстары басталды.

Бүгінгі күнге 21 аялдама бойынша тиісті мердігер компания анықталып, жұмыстарын бастады.
Қазір «RusStroy» ЖШС қала ішіндегі тұрғындар өтініші бойынша белгіленген жерлерге бес аялдаманың конструкциясын әзірлеп, үстіңгі шатырын жабу жұмыстарына кірісуде. Ал қалған 15 аялдаманы орнату бойынша «Строительная компания «NSN» ЖШС жауапты.
Айта кетейік, биыл қала аумағына қойылып жатқан аялдамалардың барлығы халық сұранысына сай, тұрғындардың өтінішімен белгіленген мекенжайларға орнатылуда.
Бұл жұмыстар толық аяқталған соң, келесі жылы 40 аялдама, 2025 жылы 50 аялдаманы орнату жоспарланған.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.